«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

“Жасөспірімнің түсінік алу және қабылдау тәртібі”

Өткізген: Токжанова Ғайникамал

АПҚО сабағы жасөспірімдердің түсінік алу және ақпарат қабылдау тәртібіне қатысты ата-аналарға арналды. Сабақтың негізгі мақсаты – ата-аналарға балаларының ақпаратты дұрыс қабылдауы мен талдауына қолдау көрсету жолдарын түсіндіру, сондай-ақ олардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмек беру.

Сабақтың мазмұны:

Кіріспе:

Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері мен олардың ақпарат қабылдауға әсері туралы баяндама.

Талқыланған мәселелер:

-Ақпараттың жасөспірімдер санасына әсері және оның нәтижелері.

-Ақпарат көздерінің сенімділігін тексеру жолдары.

-Баланың ақпаратты эмоциялық тұрғыдан қабылдауын түсіну және қолдау көрсету.

-Жалған ақпараттың алдын алу әдістері.

Практикалық бөлім:

-Ата-аналарға шынайы және жалған ақпаратты ажыратуға арналған жаттығулар ұсынылды.

-Баламен ашық диалог құрудың тиімді тәсілдері көрсетілді.

Сабақ нәтижелері:
Ата-аналар жасөспірімдердің ақпарат қабылдау ерекшеліктерін түсініп, балаларына ақпаратты дұрыс талдауға көмектесу әдістерімен танысты. Олар баланың медиасауаттылығын дамытуда ата-аналық рөлдің маңыздылығын атап өтті.