Мектептегі қауіпсіздік қашанда басымдыққа ие.
Мектептегі қауіпсіздік қашанда басымдыққа ие. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңашылдықтардың бірі – оқу орындарында турникет құрылғыларының орнатылуы. Бұл құрылғылар келушілерді бақылап ғана қоймай, қауіпсіз білім беру ортасын құруға көмектеседі. Бұл құрылғылар ғимаратқа кіруді бақылауға көмектесе отырып, рұқсат етілмеген адамдардың кіруіне жол бермейді. Бұл оқушылар қауіпсіздігі үшін маңызды.
2024 жылдың 18 қарашасы күні “Қарақұм ЖББМ” КММ турникет жүйесі іске қосылды. Білім алушылар мен мектеп мұғалімдері мен қызметкерлеріне карталары алдын-ала таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.



