«Дублер күні» өткізілді.
“Қарақұм жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Ұстаздар мерекесі күніне орай оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «ДУБЛЕР КҮНІ» өткізілді.
Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты.
Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 11 сынып оқушылары атқарып, оқушылар өздері бір күн мұғалімдерге дублер болды.
Оқушылар пән мұғалімдері мен қатар мектеп әкімшілігіне де дублер болды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар «Дублер күні» алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді.







