«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Жиналысы

“Баланың бас ұстазы ата-ана” 6 “Б” сыныбының ата-аналар жиналысы өтті.

25.09.2024ж
“Баланың бас ұстазы ата-ана” тақырыбында 6 “Б” сыныбының ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты:
1 Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2 Ата — аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3 Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Жиналысқа көп оқушылардың әкелері келді. “Ата-анама хат” атты балаларының жазылған хаттарын табу керек болды, ол кезде әкелері сәл қиналып қалды. Сондықтан қазір
балаларына уақыт арнап, жиі әңгімелесу керектігін,мінез-құлқына мән беру керектігін түсінді. Баланың мінез-құлқында қандай өзгерістер барын бақылау керектігін білді. Егер ойыннан соң ол ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарына назар аударып, қатаң тыйым салу керек.
Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнату керек екенін білді. Осындай ойындардың бала өміріне қауіпі айтылды
Мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар, Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен «Бізбен ойна!” деген шақыртулар келуі мүмкін. Бұлардың ең қауіптісі: «Тихий дом», «Разбуди меня в 4:20», «Море китов», «Синий кит», «Красный дельфин», «Млечный путь», «U19», «F57» SchoolBoy RunaWay -Stealth» және т.б.
Қауіп-қатердің алдын алу үшін Сыныптағы
Балалардың қауіпсіздігіне жауапкеркершілікті арттыру. Бала тәрбиесіне мән беріп, жан-жақты қолдау көрсетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында керемет жиналыс өтті…