Жиналыстың күн тәртібінде қаралатын бірінші мәселе бойынша Бейнеу ауданы полиция аға лейтенант ханым Жұмабаева Дәмегүл Оралбайқызы күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті
Өткізілген уақыт: 24.09.2024 жыл.
Қатысқандар: сынып жетекшілер, ДТЖЖО у.м.а. С.Берикбаева, 9-10-11-сынып оқушылары, Бейнеу ауданы полиция аға лейтенант ханым Жұмабаева Дәмегүл Оралбайқызы және полиция лейтенанты Аманбаев Еркебұлан Какимжанұлы
Күн тәртібінде:
1 Буллингтің адам өміріне әсері және оны алдын – алу шаралары.
2 Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу.
3 Оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелері
Тыңдалды:
Жиналыстың күн тәртібінде қаралатын бірінші мәселе бойынша Бейнеу ауданы полиция аға лейтенант ханым Жұмабаева Дәмегүл Оралбайқызы күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті. Буллинг – дегеніміз, психологиялық қысым көрсету, ұрып соғу, бір адамның немесе топтың зорлық көрсетуі. Мысқылдау мен намысқа тиетін қалжындау әсері жағынан төмен болғандықтан, моббинг деп аталады. Жасөспірімдер арасындағы буллинг – кешенді тәсілді қажет ететін мәселе екеніне тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кешкі мезгілде бала еңбегін қанау, бала құқығының бұзылуын анықтау, қаңғыбастық пен қараусыздықтың алдын алу туралы ескертпелер берілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелері оның ішінде қазіргі белең алған көлік түрі – мопед. Соңғы кездегі жол көлік оқиғаларының орын алуы тікелей осы көлік салдарынан болып жатырғанын айтып өтті. 16 жасқа толмаған балалардың мопед, скутер және электросамокат тізгіндеуіне рұқсат жоқ екені қатаң ескертілді.






