«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

«Әдеп -ең қымбат мирас» тақырыбында «Жауқазын» қыздар ұйымының жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті.

“Қарақұм жалпы білім беретін мектебі” КММ «Әдеп -ең қымбат мирас» тақырыбында «Жауқазын» қыздар ұйымының жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті.
Мақсаты: қыз балалар бойындағы әдеп пен иба, әдемі мінезбен сөз мәдениетін бойларына сіңіру.

Жыл бойғы жасалатын жоспармен қыздар ұйымының жетекшісі Дина Исаева таныстырып, ағымдағы тәртіп пен тәрбие мәселелерімен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Зерлеш Бегенова сөз етті. Мектеп ережелері, қыз балаға тән қасиеттерімен тазалық туралы айтылып өтілді. Өз ойларымен бөліскен оқушылардың да пікірлері тыңдалды.