«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шаралар

Көктемгі демалыс.

Көктемгі демалыс

Мектебіміздің 8«А» сынып оқушылары ата-аналарымен және сынып жетекшісі Гулбаршын Космуратова бірге Атырау облысындағы Сарайшық елді мекеніне саяхат жасап келді.

Атырау қаласынан 20-30 минуттық жүрісте “Хан Ордалы Сарайшық» деген бірегей мемлекеттік мұражай қорығы орналасқан. Осы өңірге келетін саяхатшылар міндетті түрде уақыт тауып, осы таңғажайып жерді көрулері жөн, олардың алдынан құпияға толы Ұлы дала тарихының әлемі ашылады. «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорығы археологиялық қазбалар жұмыстары жасалған көптеген жылдар бойы ғалымдар жинаған объекттер мен экспонаттарға сүйене отырып, 1999 жылы ашылды. Мұражайдың өзінен басқа мұражай кешеніне Хандар Пантеоны, сондай-ақ Сарайшық көне қаласының ғимараттарының қираған үйінділері мен бекініс қабырғалары кіреді. Мұражайда Сарайшық қаласының қайта салынған үлгісін көруге болады, онда қаланың XIV ғасырдағы дәлме-дәл түрі бейнеленген. Ғалымдар археологиялық қазба жұмыстары кезінде жинаған экспонаттардың бай топтамасы қызықтырады. Топтама Сарайшық қаласы бар болғандағы бірнеше ғасырлар бойы қала тұрғындарының тұрмысын қаз қалпында көрсетеді. Мұражайдан басқа кешен құрамына 17 метр биіктіктегі сегіз қабырғалы ғимарат болып табылатын Хандар Пантеоны (авторыАтырау облысының бұрынғы әкімі, қазіргі кезде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов) кіреді. Пантеон қабырғалары арасына Сарайшықта жерленген жет ханға арнап құлпытастар орнатылған. Қара мәрмәрге хандардың есімдері мен хандық құрған мезгілдері қашалып жазылған.