«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шаралар

“Ертегілер еліне саяхат” театрландырылған шара өткізілді.

Алғыс айту күні қарсаңында дефектолог пен логопедтің мамандарының ұйымдастыруымен “Ертегілер еліне саяхат” атты 4 сыныптар арасында театрландырылған шара өткізілді.
Шараға 4 “А” сынып оқушыларынан Жолдас Данабек, Айтбайұлы Ізбасар, Келдібай Еркеназ, Айтқали Мейірлім, Сатыбалды Мадина және 4 ”Ә” сынып оқушыларынан Ибраим Айкөркем, Досжан Нұрсая, Үсен Медина, Уразбай Абдуали, Марат Алихан өз өнерлерін көрсетіп, шараға белсене ат салысты. Ертегілер қойылымына “Мақта қыз бен мысық” сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар “Жеті лақ” ертегісін оқушылардың қол моторикасын дамыту театры өткізілді.