«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шаралар

«Алғыс әкеге…»

Алғыс айту күні қарсаңында мектебімізде «Алғыс әкеге…» атты әкелерге алғыс айтуға арналған шара өткізілді.

Шараның бірінші бөлімінде әкелерді мектебімізде орналасқан мұражайдан қарсы алып, ақтан ауыз тигізіп, балаларға бата берілді.

Екінші бөлім мектебіміздің Акт залында жалғасын тапты. Әкелермен сұхбат жүргізіліп, ойындар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламамен ұласты.

Әкелерден қонақ кәде сұралып, Есқайыров Айдос «Әке» туралы ән орындады.

Шарамызға келген барша әкелерге алғыс айтамыз!!!!!