«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мектептің байқауы

5-7 сынып арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні мектебімізде оқушылардың шығармашылығын ояту, танымдық көзқарасын қалыптастыру, мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау барысында 5-7 сынып арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар сүйікті ақындарының өлеңдерін жатқа айтып, өлеңнің өлмейтінін тағы бір дәлелдеді. Жас буынның шығармашылық қабілетін шыңдаған бұл сайыс көптің көңілін көтеріп, поэзия жанрының терең де тұңғиық екенін танытты.