«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мектептің байқауы

«Квест ойыны» ұйымдастырылды.

5 ақпан күні бастауыш мектебінде 4 сыныптар арасында «Квест ойыны» ұйымдастырылды. 4 сыныптар 2 топқа бөлініп, өзара тартысқа түсті. Ойынның мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағыттау; проблемалық мәселелерді оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға баулу болды. Квест ойыны арқылы оқушының мінезін анықтауға болады. Адамның қиындыққа тап болған кездегі әрекеті, шынайы бетпердесін көрсетеді, бірлесе әрекет ету ойыншылардың психологиясынан хабар береді. Ойнай отырып, ойлайды. Бұл ойын –»Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» қағидасына негізделген. Әрекет етуге, топ үшін күресуге, жеңіске жетуге бейімдейді. Әр параллель өзіндік ерекшеліктерімен көріне білді. Атап айтқанда, 4 “А” сыныбы ойын белсенділіктерімен, 4 “Ә” сыныбы тапқырлықтарымен, 4 “Б” сыныбы шығармашылықтарымен ерекшеленді. Ойын жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.