«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне салтанатты жиыны болып өтті.
20 желтоқсан күні жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне салтанатты жиыны болып өтті.
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жиында сапқа оқушылар тұрғызылып, Қазақстан Республикасының гимны орындалды.
Оқушылар ұйымға қабылданып, ант беріп, ұйымның әнұраны орындалды.
Мектеп ұстазы әрі ата-ана Ботагарин Шынжырбек құттықтау сөз сөйледі.

