«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шаралар

«Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!»

Мектебімізде «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!» тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті.

Жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, мектеп директоры Зарипа Бектембаева ның құттықтауымен жалғасты. Білім бөлімінің алғыс хатымен ағылшын тілі пәні мұғалімі Перизат Достлеуова пен бастауыш сынып мұғалімі Мәншүк Мәдиева марапатталды.

Тарих пәнімұғалімі Мереева Ақбөбек «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында баяндама оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлназ Мекеева «Желтоқсан сыр шертеді…» тақырыбында желтоқсан оқиғасы туралы сөз қозғады.

Жиын әрі қарай мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мереке құтты болсын!