«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Семинар, тренинг

Өмір тамаша” тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

10 сынып оқушыларының бейімделуіне психологиялық қолдау. Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау, және өмірді қалай сүйетіндерін байқау, оқушылардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, ауызьіршіліктерін нығайту мақсатында “Өмір тамаша” тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Тренинг алдымен оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында “Соку-соку, бачи-бачи” жаттығуымен басталды. Әрі қарай тренинг “Кім епті” жаттығуымен жалғасты. Оқушылар белсенділік таныта отырып, көтеріңкі көңіл-күймен ептілікті ұстана отырып, жаттығуды орындап шықты. Осылайша тренингімізді “Біз біргеміз” жаттығуын орындай отырып аяқтадық.