«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

2023 – 2024 оқу жылы қараша айының 13-23 күндері аралығында «Әлемнің үш тірегі» тақырыбында математика, информатика, физика пәндері онкүндігі өтуде.

2023 – 2024 оқу жылы қараша айының 13-23 күндері аралығында «Әлемнің үш тірегі» тақырыбында математика, информатика, физика пәндері онкүндігі өтуде.

Математика пәні бойынша

14.11.2023 күні «Математика алғырлары» тақырыбында өткен сайысқа 5-11 сыныптар арасынан келесі оқушылар белсенді қатысып, шар жарып, логикалық сұрақтарға жауап берді.

15.11.2023 күні «Ұлылар әлемі» тақырыбында оқушыларға математика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар жайлы ақпарат берілді. Оқушылар өз телефондарымен тақтаға ілінген QR-code сканерлеу арқылы ұлы математиктер Архимед, Евклид, Фалес, Пифагор, Виет, Гаусс, соның ішінде математика саласының дамуына өз үлестерін қосқан Қазақстандық математиктер Орымбек Жәутіков, Асқар Жұмаділдаев жайлы мағлұматтар алды.

16.11.2023 күні 10-11 сынып аралығында «Миллион кімге бұйырады» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.

Апталыққа белсене қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.