«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ата аналар жиналысы

«Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндік пен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» ата-аналармен кездесу өткізілді.

20 қараша «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндік пен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында мектеп инспекторы А Токеев және Боранқұл ауылдық полиция бөлімшесі қызметкерлерімен «Отбасындағы қарым-қатынас және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында А.Токеев жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен шаралар туралы баяндама оқыды.

Ағымдағы мәселелер барысында қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдердің түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерімен ғана жүре алатындығын, мектеп оқушыларының мектеп формасы «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтарындағы #26 бұйрығына сәйкес жүретіндігін басты назарға алды.

Сонымен қатар оқушы кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қарауында екендігін, баланың мектепке таза келуі, құрал-жабдықтарының түгел болуы, сабаққа келуі, кешікпеуі бәрі ата-ананың міндеті екенін ескертіп өтті.