«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Жиналысы

Қарақұм жалпы білім беретін мектебінде «Жігер» ұлдар ұйымының кезекті отырысы өтті.

Жиынға 8-11 сыныптың ұл балалары, мектеп директоры, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ұлдар ұйымының жетекшісі, өзін-өзі басқару ұйымының фракция мүшелері қатысты. 11 сынып оқушысы Садик Елтай «Ұлдар гигиенасы» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жайлы айтылды. ҚР ӘҚБ Кодексінің 442 бабы Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы яғни оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерісіз сағат 23:00 ден таңғы 06-ға дейінгі уақытта жүрмеуге. Сонымен қатар әлім жеттік, күш көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді . 435 бапта Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша ата-анасына айып пұл салынатындығы ескертілді.
Мектептің ішкі ережесі таныстырылып, «Сенім жәшігінің» ережесі таныстырылды.