Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
11.12.2023
Ертең 11.12.2023 ж ауа-райының қолайсыздығына байланысты оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бейнеу ауданы бойынша барлық білім беру ұйымдары ( мектепке дейінгі топ,1-11 сыныптар, кәсіптік білім беру ұйымдары )онлайн форматына көшірілетінін хабарлаймыз. Сабақ үдерісі дәстүрлі офлайн форматына көшірілетін уақыты қосымша хабарланатын болады.
Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 21.02.2020 жылғы №57«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде педагогтердің бос лауазымына конкурс жариялайды:
Қажетті маман:
1. Математика пәні мұғалімі 1 маман (уақытша 16 сағат )
Конкурсқа қатысу үшін педагогтарға қажетті құжаттар тізбесі:
1.№57 бұйрық 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы, 3/4фотосымен;
4.Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі қосымшасымен;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020жылғы №ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік, тестілеу сертификатымен;
10. №57 бұйрық 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Бағалау парағы;
11.Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы: кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратылымдағы 720/480
Осы құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды кері қайтаруға негіз болады.
Құжаттар 5 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мектеп әкімшілігі
Байланыс телефоны: 8 (7232) 52-0-49
Электронды пошта: karakum_mektep@bk.ru