«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болған Баймағанбетов Нұрлыбай Баймағанбетұлының аты берілді.

24 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті қайтадан жасақталып, 1973 жылы Қарақұм мектебінде басшылық қызмет атқарған, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болған Баймағанбетов Нұрлыбай Баймағанбетұлының аты берілді.

Баймағанбетов Нұрлыбай Баймағанбетұлы Атырау облысы, Жылой ауданына қарасты Молхат елді мекенінде дүниеге келген.

1973 жылы Қарақұм орта мектебінде директор болып, жолдамамен жұмысқа келіп, бала тәрбиесінде аянбай еңбек еткен.

Артындағы ұрпақтарының қолдауымен кабинет жасақталып, Баймағанбетұлы Нұрлыбайдың өлең жолдары мен естеріктері ілініп, еңбектері кабинетке қойылды.

Шараға ардагер ұстаздар мен көз көрген замандастары, ұрпақтары шақырылды. Кабинеттің лента қию рәсімі ардагер ұстаз Қидасов Жолдасқа ұсынылды.

Шараның екінші концерттік бөлімінде ардагер ұстаздар Баймағанбетұлы Нұрлыбай туралы естеліктерін айтып, артында қалған жақсы сөздерімен бөлісті.

Шара соңында Баймағанбетұлы Нұрлыбайдың ұрпақтары мектеп басшылығы мен ұжымына алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.