«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы
Бүгін 5 қыркүйек күні «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Диктанттың мақсаты — Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Диктантқа мектебімізден 8-11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері, жалпы саны 182 адам қатысты.





