ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 21.02.2020 жылғы №57«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде педагогтердің бос лауазымына конкурс жариялайды:
Қажетті маман:
1. Музыка пәні мұғалімі 1 маман (тұрақты бос орын)
2.Ағылшын пәні 1 маман (уақытша бос орын)
Конкурсқа қатысу үшін педагогтарға қажетті құжаттар тізбесі:
1.№57 бұйрық 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы, 3/4фотосымен;
4.Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі қосымшасымен;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педаго-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік, тестілеу сертификатымен;
7.Бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар;
8.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020жылғы №ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11.№57бұйрық 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Бағалау парағы;
12.Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы: кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратылымдағы 720/480
Осы құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды кері қайтаруға негіз болады.
Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Мекенжай: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мектеп әкімшілігі
Байланыс телефоны: 8(7232)52-0-49
Электронды пошта:karakum_mektep@bk.ru
Все реакции:
1Бекзат Жумагазиева