«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Республикалық челлендж

Абай әндерін орындап, оқушыларға челлендж жолдады

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай — қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Осы атаулы күнде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ақынның 178 жылдығына орай Абай әндерін орындап, оқушыларға челлендж жолдады.

Челленджді қабыл алыңыздар!