«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

Танымдық сағат

«Мұрат әкесі сияқты көп том кітап жазбаса да, ол біздің буынның қалыптасуына серпіліс әкелді». О.Сүлейменов

Мұхтар Әуезовтың ұлы, белгілі ғалым Мұрат Әуезовтың 80 жасқа толуына орай Қарақұм жалпы білім беретін мектебінде танымдық сағат өтті. Жас оқырмандарды қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында өткен бұл шығармашылық сағатқа мектебіміздің кітапханашылары мен тіл мамандары қатысты. Тамырында ұлтшыл мінезі тулаған М.Әуезовтың мәдени және тарихи құндылықтарды зерттеуге қосқан үлесі, философиялық ой-пікірлері туралы айтылып, сұхбаттарынан үзінді көрсетілді. Шын мәнінде бүгінгі ұрпаққа заңғар жазушының артында қалған текті ұл, асылдың сынығы туралы мәлімет беру-даналықтың дәнегі, тағлым мен тәрбиенің төресі болмақ.