«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ата-аналарғаХабарландыру

«Қарақұм ЖББМ» КММ мектеп формасына қойылатын талаптары

Мектеп формасы – білім алушының киім стилі.

Мектеп формасы келесі мақсатпен енгізілді:

— мектепте оқу-іскерлік ахуалды қолдау;

тәртіпті нығайту;

— мектеп беделін нығайту;

— оқушы тұлғасының адамгершілік қасиеттерін дамыту, оның мәдениетін арттыру;

— қазіргі заман қоғамымен талап етілетін, мектеп бітіруші үлгісін қалыптастыру.

Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді.

Мектеп формасының үлгісі классикалық (іскерлік) стильде әзірленеді және барлық 1-11-ші сыныптарда білім алушылар үшін бірыңғай болып есептеледі. Барлық білім алушылар үшін киімнің түрі бірыңғай болуы мектеп формасының негізгі шарты.

Білім алушылардың құқықтары:

1. Мектеп форма үлгісін талқылауға белсенді қатысу.

Білім алушылар міндетті:

1. Күнделікті мектеп формасында келу.

2. Форманы таза ұстау, оған ұқыпты қарау.

3. Мектепте басқа да білім алушылардың формасына ұқыпты қарау.

4. Қыздар шаштарын буып, бұрымға өріп, қыстырғышпен жинап, ер балалар шашты ұқыпты алғызып қою, шаш түсі табиғи болу керек.

Мектепте білім алушыларға тыйым салынады:

1. Сабаққа мектеп формасыз келу.

2. Дене шынықтыру сабағынан басқа сабақтарға спорттық киімде келу. Дене шынықтыру болған күні сорттық киімді өзімен бірге алып келуі тиіс.

3. Сабақтарға екінші аяқ киімсіз келу.

4. Бетіне макияж жағып, әшекей тағу.

5. Футболка, жемпір, свитерді, ашық түсті жейделерді киіп келу.

6. Қыздар қысқа белдемше және шалбар киіп келу. Белдемшенің ұзындығы тізеден болу керек.

7. Джинс (спроттық стильде) және серуендеуге арналған киімді киіп келу.

Ата-аналардың құқығы:

1. Мектеп формасына қатысты сұрақтарды сыныпта, мектепте ата-аналар комитетінде талқылауға, мектеп формасына қатысты ұсыныстарын жалпы мектептік ата-аналар жиналысының күн тәртібінде қарауға ұсыну;

2. Мектеп формасын киіп келуден бас тартатын балалардың ата-анасын ата-аналар комитетіне шақыру, өз құзыреті шеңберінде осындай ата-аналарға шара қолдану.

Ата-аналардың міндеттері

Ата-ана міндетті:

1. Оқу жылы басталғанға дейін балаға мектеп формасын, ауыстыратын аяқ киімін алып беру.

2. Ереже талаптарына сәйкес мектепке шығар алдында білім алушының күнделікті сыртқы бейнесін бақылап тұру.

3. Баланың мектеп формасының жағдайын қадағалау, яғни ластануына байланысты уақытылы жуып беру. Бала мектеп формасы жуылып немесе жуылғаннан кейін киім кепкен жоқ деген жағдаймен мектеп формасының болмауын түсіндіру жағдайларын болдырмау.

4. Күн сайын баланың күнделігіндегі мектеп формасы болмағаны туралы ақпаратты тексеріп, баланы мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін шара қолдану.