«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Жазғы демалыс, лагерлер

“Алау” жазғы танымдық лагерінің төртінші күні

Бүгін 08.06.2023ж “Қарақұм ЖББМ” КММ-де “Алау” жазғы танымдық лагерінің төртінші күні өтті.

Алғашқы уақыт балаларды қарсы алып, таңғы жаттығумен басталды. Шыныққан балалар топ атын, ұранын айта отырып, жоспарға сәйкес “Музыка бізді біріктіреді” және “ Біз шетінен бишіміз” атты ән, би сайысы өтті. Лагердің жабылу салтанатында өнерлі оқушылар әртүрлі номинациялармен марапатталатын болады. Көңілді сайыстан соң оқушыларға балмұздақ таратылды және ашық аспан астындағы ойындар ойнатылды. Бүгінгі күнге риза болған балалар соңында түскі тамақтарын ішіп, әдемі көңіл-күймен тарқасты.