«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Жазғы демалыс, лагерлер

“Алау” жазғы танымдық лагерінің үшінші күні

Бүгін 06.06.2023ж “Қарақұм ЖББМ” КММ-де “Алау” жазғы танымдық лагерінің үшінші күні өтті.

Алғашқы уақыт таңғы жаттығумен басталды. Шыныққан балалар топ атын, ұранын айта отырып, жоспарға сәйкес “Мен бақытты баламын” асфальтқа сурет салу шарасы өтті.

Балалар өз қиялдарымен асфальтқа түрлі түсті борлардың көмегімен сурет салды. Балалардың суреттерін “Ең әдемі суретші”дипломымен марапатталатын болады.

Әрі қарай, күніміз “Colours day” шарасымен жалғасты. Балалар әр түрлі түстегі бояулармен арнайы футболкаларды қолмен бояды. Бүгінгі күнге риза болған балалар соңында түскі тамақтарын ішіп, әдемі көңіл-күймен тарқасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *