«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шараларРеспубликалық челлендж

Терроризмге қарсы қауіпсіздік оқу-жаттығуы өтті

Оқу ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың 12 мамыр күні «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ- Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялауды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу жүргізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерге террористік қауіп төнген кезде өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту және қауіпсіздікті ескере отырып жедел әрекет ету.

Аталған іс-шара барысында сағат 09:50-де дабыл қағылып, білім ордасындағы оқушылар мен қызметкерлер терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритм нұсқамасына сай әрекет етті.