«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ата-аналарғаІс-шаралар

Отбасы күніне орай «Әже — ұрпақтың жүрегі» атты шара

Қарақұм жалпы білім беретін мектебінде отбасы күніне орай «Әже — ұрпақтың жүрегі» атты ұлағатты сағат өтті. Осы шара арқылы жас жеткіншектердің бойына отбасының шынары — ала таудай әженің орнын, еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый-құрметке тәрбиелеу. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен міндеттері туралы түсінік беру. Ұлағатты сағат барысында «Ертегі айтып білесіз бе?» атты қойылым қойылып, ұялы телефонға телміре қараған балаларды ертегі айтып, көңілін аулау жөнінде сұрақ- жауап өтті. Әжелерімізге арналған өлеңдер оқылып, оқушыларды толғандырған сұрақтарға да жауап берілді. Бала тәрбиесі туралы әжелер ой өрбітіп, ақ дастарқанның батасын берді. Келген әжелерімізге рақмет айтып, ұрпақтарыңыздың қызығына кенеліп жүре беріңіздер деген ақ тілегімізді жолдаймыз!