«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ата-аналарғаІс-шаралар

15 мамыр Отбасы күніне орай «Аналар мектебі» ұйымының ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында аналар мен қыз балаларға арналған шара

15 мамыр Отбасы күніне орай «Аналар мектебі» ұйымының ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында аналар мен қыз балаларға арналған шара өткізілді.

Тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем».

Мақсаты: ана мен қыз баланың қарым-қатынасы, бір-біріне қамқор, мейірімді жандар екенін ұғындыру. Нәзік жандылардың сезімтал, өмірге деген құштарлығы және әлемді тербеткен әйел заты екенін түсіндіру.

Аналар мектебінен бастау алған әрбір қыз баланың болашағы жарқын болары сөзсіз. Тренинг әсерлі өтті.

Психологиялық ахуал туғызып, сұрақ-жауап бөліміне көшіп, қызықты ойындар ойнатылып, қыз бен ана арасындағы байланыс, сырласу жайлы ашық әңгіме өрбіді.

Алған әсерлерімен бөліскен аналар мен қыз балалар тамаша көңіл күйде тарасты.

Ұйымдастырушы:

Дина Исаева

Перизат Достлеуова

Элвира Сакеновна Турниязова