Облыстық олимпиада жеңімпаздары
2023 жылдың 14 сәуір күні Ақтау қаласында 7 — 8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жаратылыстану — математикалық бағыты бойынша облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша:
Бейнеу лицейінің 8 — сынып оқушысы Мақсатова Фатима физика пәні бойынша ІІ орын;
Қарақұм жалпы білім беретін мектептің 7 — сынып оқушысы Дүйсенбай Берхат физика пәнінен ІІ орын;
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 — сынып оқушысы Дүйсенбек Абылан география пәні бойынша ІІ орынға ие болды.
Олимпиада жүлдегерлерін және дайындаған жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!
