«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мұғалім жетістіктері

«Грамматика сыры» және «Эссенің өзі- өмір» атты аудандық байқау

3.04 күні Бейнеу ауданында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін кәсіби қолдау мақсатында және өзара теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында «Грамматика сыры» және «Эссенің өзі- өмір» атты байқау өтті. Осы байқауға Қарақұм жалпы білім беретін мектептен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берикбаева Санзира Ахметовна қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Байқаудың барлық кезеңдеріне ойдағыдай қатысып, өз қабілетін шыңдап келген әріптесімізді тағы да жеңісімен құттықтаймыз!