«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мектептің байқауы

Аудандық «Серікбол — ғалам» ғылыми-мәдениеттанымдық эстафеталық байқауы

17 наурыз күні мектебімізде аудандық «Серікбол — ғалам» ғылыми-мәдениеттанымдық эстафеталық байқауы болып өтті. Ғалымның тындырып тастаған еңбектері қазақ гуманитарлық ғылымына баға жетпес үлес екендігін барша жұрт біледі.

Сайыстың мақсаты: гуманитарлық білім саласында жаңа ұлттық бағытта түрен салған С.Қондыбай шығармышылығымен білім алушыларды жете таныстыру; талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар мен оқушыларды анықтау.

Байқау 3 турдан тұрды. 1турда командалар өздеріне алдын ала берілген мақалаларды талдады. 2турда командалар өздеріне берілген мақалаларды көркемөнердің бірнеше формаларын пайдалана отырып көрсетті. Ал, 3турда 32 киелі жер-су атауларын жатқа айтты. Байқауға аудан бойынша 4 мектеп командасы қатысты. Бейнеу жалпы білім беретін мектебінің командасы бірінші орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Мектебіміздің 9 сынып оқушыларынан құрылған «Аңыз құсы» командасы 2 орынға ие болды. Жетекшісі Бисенгалиева Жайнагул.

Мектебімізге облыс орталығынан ғалым С.Қондыбайдың апасы, облыстық мемориалдық музей маманы Балсұлу Қондыбай, филология ғылымдарының кандидаты, Серікболтанушы Ақбердыева Балкенже Қондыбайқызы, С.Қондыбай атындағы Маңғыстау мемориалдық мұражайының директоры Бериева Рима Қанатбайқызы келіп, байқауға қазылық етті.