«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Олимпиада

«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы

11 наурыз күні Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі болып өтті. Олимпиадаға мектебімізден 4 оқушы қатысты. Оқушыларымыздың екеуі Исатайұлы Нұртай мен Қаби Рамазан қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды. Қашқынбаев Елнұр республикалық кезеңде көрсеткен ерекше жетістігі үшін Грамотамен, ал, Нұрланұлы Данияр II дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылардың жетекшілері математика пәнінің мұғалімі Андабаева Нұргүл Бергенқалиқызы. Құттықтаймыз! ???