8-наурыз «Аналар күніне» байланысты 8-9сыныптар арасында «Ал,қане қыздар» сайысы
Көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз «Аналар күніне» байланысты мектебімізде 8-9сыныптар арасында «Ал,қане қыздар» сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: қыз балаларға мереке туралы түсінік беру, қызбалалар бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеу болатын. Сайыс қызық та әсерлі өтті. Әділқазылардың бағалауы бойынша 1 орынға 9″а» сынып оқушысы Кикбай Альбина ие болды. Қалған қатысушылар номинациялармен марапатталды. Ұстазбен оқушы көңілінен шыққан сайысқа айтар тілекпен қосар ақыл -кеңестер көп болды. Мерекелік күнге тамаша көңіл күй сыйлаған арулармен өткізген сайыс, әр адамға берер тәрбиесі мол шара болды.














