«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Семинар, тренинг

«Білім беру үдерісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі «тақырыбында кәсіби қауымдастық семинары өтті.

27 қаңтар күні серіктес Қарақұм ЖББМ, Опорный ЖББМ, Боранқұл ЖББМ мектептер арасындағы «Білім беру үдерісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі «тақырыбында кәсіби қауымдастық семинары өтті.

Мақсаты: Білім беру үдерісінде инновациялық әдіс — тәсілдерді қолданып, бағалау жолдары арқылы оқушылардың білімін арттыру

Міндеттері:

-Білім беру үдерісінде әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың Білімін мен біліктілігін қалыптастыру

— Бағалау тәсілдерді арқылы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

— Білім беру жағдайында мұғалімнің тәжірибесі мен шеберлігін шыңдау.

Семинардың ашылуы серіктес мектеп директорлары сөз сөйлеп, шағын концерттік бағдарламамен басталып, Қарақұм ЖББМ химия пәні мұғалімі Құлман Кенжегүлдің ашық сабағымен жалғасты.

Боранқұл ЖББМ математика пәні мұғалімі Бозаев Тұрар 5 сыныптарға «Ондық бөлшектер» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, әрі қарай Опорный ЖББМ бастауыш сынып пәні мұғалімі Кунарова Гулжан «Бастауыш сыныптарда коммуникативті дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткізді.

Шара әрі қарай Қарақұм ЖББМ психологы Нәбиева Іңкәрдің «Қарым- қатынас жарастығы» тренингімен жалғасып, қорытындыланды.

Семинар өз мәресіне жетіп, жақсы деңгейде өтті. Барша семинарға қатысқан әріптестерге алғыс білдіріледі!