«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Оқушылар жетістігі

9 — 10 сынып оқушыларына арналған «Алау — 2023» шарасы

«АЛАУ — 2023» ???

2023 жылдың 27 сәуір күні оқу — әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен табиғат аясында жалпы білім беретін мектептердегі 9 — 10 сынып оқушыларына арналған «Алау — 2023» шарасы өткізілді. Мақсаты: балаларды табиғат аясында өзіне — өзі қызмет етуге, өз өлкесін танып білуге, ортаны қорғап күтуге, ұйымшылдыққа, өз бетімен әрекет етуге үйрету, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

1. «Туған өлкеме тартуым…» атты ән байқауы номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Ізғалиева Гауһар 3 орынды иеленді.

2. «Спорт — денсаулық кепілі» эстафеталық жарысына командадан 5 оқушы қатысып, Талғат Нұрәділ, Дүйсенғали Бақдаулет, Бауыржанқызы Марта, Жолдас Ислам, Қоныскерей Нұртілек 3 орынды иеленді.

3. «Флешмоб» топтық би байқауы. Байқауға барлық топ мүшелері Талғат Нұрәділ, Дүйсенғали Бақдаулет, Бауыржанқызы Марта, Жолдас Ислам, Қоныскерей Нұртілек, Мурзахан Гауһар, Таумаш Нұрбақыт, Досжан Нұрайна қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

4. «Кешкі ас» байқауы. Байқауға барлық топ мүшелері қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

5. «Бард әндері» байқауы. Әр командадан қатысушылар гитараның сүйемелдеуімен алау жанында жиналып ән орындап, жүлделі І орынды иеленді. Гитарамен сүйемелдеуші Талғат Нұрәділ және Ғалымбек Әділет.

Жеңімпаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!