«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

5-9 қазақ тілі апталығына орай 6-7-сынып оқушылары арасында «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

5-9 қазақ тілі апталығына орай 6-7-сынып оқушылары арасында «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Сайыс барысында «Тұлпар» және «Домбыра» топтары сайысқа түсіп, өзара тартысты да қызықты сәттерге толы болды. Оқушылар — полиглот, көрерменнен көрімдік, өтірік өлеңдер, алты жұмбақ, тест, жекпе жек бөлімдері бойынша бақ сынап, нәтижесінде «Домбыра» тобы жеңіске жетті.