«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ

331405833_916648949529426_5734831031741668256_n

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар: тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі — адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық. Тәрбие жүйесінің барлық сатылары мен салаларында тәрбиенің сабақтастығы мен үздіксіздігін, талап-бірлігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте 15 ақпан күні «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:
1. Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
4. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі.
5. Ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.
6. Алдағы уақытта оқушыларын тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Күн тәртібіндегі төмендегі мәселелер қозғалды:
1.Ауданда 26 қаңтарда болған КЗПН жиналысында оқылған баяндама желісінде шағын баяндама
2.Құқықбұзушылық тақырыбында сөз қозғалды.
3.Ерте жүктіліктің алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары жүрді.Ауданда болып жатырған келеңсіз жағдайларды алдын алу жұмыстары.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДТЖО Зерлеш Бегенова сөз алып,
КЗПН жиналысында оқылған баяндамадан қысқаша шолу жасай отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу үшін ерте қамданып, баламен ашық сөйлесуді қолға алу керек екендігін айтып өтті.
Мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшелері Рустем Молдашов пен Аубакир Саденов аудандық КЗПН жиналысына барып қатысып, жиналыстан түйгендерін мектебіміздің ата -аналарымен бөлісіп сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Қойшыбаева Қазына сөзді жалғастырып, жалпы ата-аналар жиналысында «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында əңгіме қозғалып, ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып отырды. Бірлесе жұмыс жасаудың нəтижесінде мектепте қиындық туғызатын жағдайлардың болмауын қалыптастыра алатынын жеткізді.
Жиналысқа келген ата-аналарға міндеттері көрсетілген заң баптарымен ата-аналарды таныстырып, өз балаларының кешкі уақытта қайда жүретінін бақылап, кезекшілік құрып, балаларының тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес берілді.
Жиналыс соңында мектеп директоры Бектембаева Зарипа жиналыс басынан бері қозғалып жатырған мәселелерге немқұрайлылық танытпай, ата-ана мен мектеп біріге отырып жұмылып жұмыс жасау керек екенін айтып, жас ата-аналарға өз ақыл кеңестерімен бөлісті.
Жиналысқа келіп, қазіргі таңда алаңдаулы жағдайларды бөлісіп, келіп тыңдағандарыңыз үшін, ата-аналарға алғыс айтамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *