29 қазан жалпы ұлттық аза тұту күні
29 ҚАЗАН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Бүгін Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты мемлекет басшысы 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап жалпыұлттық аза тұту мерзімі ішінде барлық мемлекеттік және әкімшілік мекеме ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту тутұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңының 4-бабының 4-т. сәйкес).
Ел тарихындағы ХІІІ қаралы күн. 30-дан асқан ғұмыры бар ел үшін тым көп…
Қара жамылған отбасы мүшелеріне қайғырып көңіл айтамыз!
