«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шараларХабарландыру

2023-2024 оқу жылындағы “Мың алғыс, саған мектебім! ” шарасы, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда:

2023-2024 оқу жылындағы “Мың алғыс, саған мектебім! ” шарасы, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда:
✅Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
✅Мектептің  ішкі жөндеу  жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
✅Оқушыларды «Мыңалғыс,сағанмектебім!” іс –шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата –анасының немесе заңды өкілінің, тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.
✅Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде  тыйым салынады.
✅Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
✅Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
✅Бітіріп кеткен,яғни мектеп қабырғасында оқымайтын түлектердің мерекелік іс-шараларға келуіне рұқсат жоқ екенін ескертеміз.
  
ҚҰРМЕТТІ  АТА-АНА❗❗❗️
✅️Жоғарыда  айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды жауапкершілікпен қарауды  өтінеміз.
✅️Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы- МІНДЕТ!

“Қарақұм жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры Бектембаева Зарипа