«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

05.02-25.02 аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістеме бірлестігінің онкүндік шарасы өтуде.

«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 05.02-25.02 аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістеме бірлестігінің онкүндік шарасы өтуде.

Соған орай әр шара өз орнымен өтіп, нәтижелі жұмысын жалғастыруда.

-Мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс — әрекеті шәкірт жүргінен жол таба білуі болып табылады.

Сондықтан жаңа технологияның басты мақсаты — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру екені сөзсіз.Ал, осы технологиялардың кеңінен қолданылуы білім құзіреттілігіне жету жолында үлкен роль атқарады.

Бастауыш сынып мұғалімі Султанова Зада апай динамикалық үзіліс мүмкіндігінде «Сабақты қалай қызықты өткіземін?» айдарында өз әдіс-тәсілдер қоймасындағы жұмыстарымен бөлісті.

Бастауыш сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен, шынайы көңілмен, аппақ жүрекпен өз білімін ортаға салды.

Бастауыш сынып оқушыларына тілейтініміз:

Қанатымен су сепкен қарлығаштай,

Биіктерге самғаңдар, тек қалыспай!-деп ақ жол тіледік.