«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шараларХабарландыру

Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және зияткерлік мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.

Мектептердің оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: оқушылардың мектептерді басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Осы Ереже оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауды дайындау мен өткізуді реттейді.

Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.

Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Оқушылардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Ешкімнің оқушыны сайлауға қатысу немесе қатыспауына мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруіне шектеу қоюға құқығы жоқ.

Сайлаушылар 8-11 сынып оқушылары.

Сайлаушылар өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауға тең негізде қатысады және әрқайсысы тиісінше бір дауыс қана бере алады. Оларға тең құқықтар мен сайлауға қатысу шарттарына кепілдік беріледі.

Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауда дауыс беру құпия болып табылады, сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады.

Мектебіміздің сайлауға үміткерлері:

✅11 “А” Изғалиева Бибінұр

✅11 “Ә” Болатов Арсен

✅10 “А” Сатыбалды Рамазан

✅10 “Ә” Ғалымбек Әділет

✅9 “А” Молдашева Инабат

✅9 “Ә” Кенжетай Нұрасыл

Әр сайлауға түсушілер сайлау алды өз бағдарламаларын ұсынды.

Барлық оқушылар мен ұстаздарды дауыс беруге шақырамыз!!! ✅✅✅