Әже ұрпақтың жүрегі — шарасы өтті.
«ӘЖЕ ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ» — ШАРАСЫ ӨТТІ.
«Ұлт болашағы тәрбие мен білімде» тақырыбында сынып жетекшілер бірлестігі апталығының жоспары бойынша «Әже — ұрпақтың жүрегі» тақырыбында «Әжелер мектебі» ұйымының қатысуымен шара өтті.
Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әже мектебі еді. Қазір ол жойылудың аз-ақ алдында тұр. Жойылып кету қаупін болдырмай жиі әжелерімізді мектепке шақырып, шаралар өткізіліп келеді.
Әжелеріміз қазақтың салт-дәстүрлерін оқушыларға айта отырып, бесікке салу рәсімін көрсетті. Ұршық иіріп, үйренем деген қыз балаларды үйренуіне көмектесетінін айтты.
⚜️Шара жоғары деңгейде өтіп, келген қонақтар батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.