«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ата-аналарғаДенсаулықІс-шаралар

Ұялы телефонның зияны туралы ескерту

Қазіргі қоғамның дерті ұялы телефоннан балаларды да, ересек адамдарды да алыстата алмай жатырғанымыз ащы шындық. Бесіктен белі енді шыққан баладан бастап ұялы телефон ұстап, қартайған шаққа жеткен ата-әжелеріміздің төрт бұрыштың бетіне үңіліп отыратыны жасырын емес.

Ұялы телефонсыз да осы уақытқа дейін тәп-тәуір өмір сүріп келдік емес пе? Адамдардың бетпе-бет араласуын азайтып, телефон аржағында отырып жағымсыз пікір жазушылар, өмірге ренжушілер, кикілжің бастаушылар, отқа май құйып тастаушылар, топтық төбелес ұйымдастырушылар, бірлесіп ұрлық жасаушылар көбейгелі қашан!!!

Ауданда өткен КЗПН жиналысында аудандық мәслихат төрағасы Ардақ Раббимұлы Бораштың бастамасымен смартфон мәселесін көтеріп, біріге жұмыс жасауға шақырған болатын.

Мектептің ішкі ережесін қолға алып, ұялы телефон ұстаушы оқушылармен күрес жүргізіліп жатыр. Мектеп директорының тәрбие жұмысы орынбасарының ұйымдастыруымен мектеп инспекторымен бірлесе жиналыс жасалды, сынып сағаттары өтуде, сұхбаттар жүргізілді.

ТАҒЫ ДА ҚАЙТАЛАП АЙТЫЛАТЫН ЕСКЕРТУ: ЕШКІМГЕ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ҰСТАУҒА ТЫЙЫМ САЛМАЙДЫ, ТЕК ПАЙДАЛАНУ УАҚЫТЫН АЗАЙТЫП, ШЕКТЕП ОТЫРУ ҚАЖЕТ. МЕКТЕПТЕ КЕРЕКТІ ШАРАДА ПАЙДАЛАНУҒА ҒАНА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕНМЕН, БАСҚА УАҚЫТТА ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙТЫНДЫҒЫН ТАҒЫ ДА ОҚУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАР ҚАПЕРІНЕ БЕРЕМІЗ! ???

Мектеп оқушыларымен жүргізген сұхбатты тамашалайық!