«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мерекелік іс-шаралар

Ұстаздың да ұстазы бар

Ұстаздың да ұстазы бар

Осы челенжді әріптестерімнен қабыл алып, өз ұстаздарым туралы ой қозғамақпын.

Мен, Атырау облысы, Жылой ауданы «Ақкиізтоғай» аулындағы Амангелді атындағы орта мектептің түлегімін. Менің алғашқы ұстазым Сағызбаева Балзия өте сабырлы адам болатын, апайдан алған тәлім – тәрбие мұғалімдік мамандық таңдауға салған алғашқы баспалдақ деп айта аламын.

Негізгі мектепке қадам басқанда сынып жетекші болған Сағынғалиева Ботагөз апай болатын. Жас маман Ботагөз апай орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бере жүріп, орысша әндер үйреткен болатын. «Смело товарищи в ногу», «Песня о тревожных молодости», «Орлёнок» әндері күні бүгінге дейін жадымызда сақтаулы. Бүгін де ардагер ұстаз апайыма зор денсаулық, әдемі қарттық тілеймін.

Негізгі мектепті бітірген соң Нәзия Қайырбаева апай сынып жетекшіміз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Апайымыздың сұлу келбеті, биязы мінезі, адалдығы бізді тәнті етті. Жасөспірім шағымызда достықты, адамгершілікті бойымызға сіңіріп, болашақ өмірімізге де аналық, ұстаздық тәлім – тәрбие берген аяулы жан болған еді. Есейіп, әрқайсымызға ортақ болып жүрген ардақты ұстазымыздың өмірден өткеніне де екі жыл уақыт болыпты.

Математика пәнінен өзімнің ағам Балғабай Рысқалиев берген болатын. Математика есептерін «шемішкеше» шағатын ағам аудан, облыс көлеміне танымал болған.еді.

География пәнінен мектеп директоры Наурызбай Төлеуов ағай берген болатын. Сексеннің сеңгіріне шыққан ағай жан-жақты, сегіз қырлы – бір сырлы ұстаз болатын.

Шет тілін (неміс) үйреткен майталман ұстаз Ахметова Әмина апай, тарих пәнінен – Дүйсенбеков Жантөре, биологиядан Ильясова Бәтима апайлар болатын. Ұстаздарымды мерекелерімен құттықтап, ұзақ та бақытты ғұмыр, зор денсаулық тілеймін.

Осы ұстаздардан білім ала жүріп, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, комсомолдар ұйымының бюро мүшесі, көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі болып, алған тәлім – тәрбиенің арқасында бүгінде ұстаз болып қалыптасуыма сара жол салынды деп ойлаймын.

Мұғалімдік мамандық қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұлы мамандық деп түсінемін.

Барша әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыстар тілеймін.