“Ұшқыр ой” жобасы аясында мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында зияткерлік жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру; Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу;
Зияткерлік сайыс оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Топтық жарыс болғандықтан, жеңіске ұмтылған оқушылар арасындағы бәсекелестік те көрініс тапты.
Жылдамдық пен ұшқыр ойды ұштастырған “Қыран” тобы ұпай сандары нәтижесінде жеңіске жетіп, марапатталды.


