«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

Ұлттық құндылықтар дәріптелген ерекше шара өтті!

Бүгін мектебімізде “Даналық мектебі” ұйымының жоспары аясында Аталар және әжелер мектебі мүшелерінің қатысуымен тамаша шара өтті.

? Шара барысында оқушыларға ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыз таныстырылып, “Бес тас”, “Ханталапай” сияқты ұлттық ойындар ойнатылды.
? Әжелеріміз жүн түту, ұршық иіру, сабау сияқты дәстүрлі қолөнер түрлерінен мастер-класс өткізіп, өз білгендерімен бөлісті.

✨ Осындай шаралар арқылы ұлттық мұрамызды сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз!