Үнемді тұтыну
ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024-2025 оқу жылына арналған жаңа жоспарға сай барлық ұстаз, оқушылардың бойына ұлттық мүддені сіңіре отырып білім беруді мақсат тұтты. Осы орайда мектебімізде суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатын көздейтін «Үнемді тұтыну» шарасы күнделікті жүргізілу үстінде.
«Үнемді тұтыну» шарасы электр энергиясы, суды тиімді пайдалану сияқты экологиялық мәселелердің алдын алуды көздейді. Мұндағы басты бағыт тек дәстүрлі энергия көздерін үнемдеу ғана емес, сонымен қатар оның орнын басатын балама энергия көздерін пайдалану. Осыған байланысты 5″А» сыныбының оқушылары үй жарығын үнемді тұтыну сәтінен бейнеүзінді. Энергияны үнемдеуді өзімізден бастайық!


