«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Ата-аналарға

«Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» атты кездесу

Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі??

Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген.

Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.

«Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке – шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан алыстай бастайды. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын қатыгездікпен өседі.

Қазір қоғамда талқыланып тұрған мәселелердің қыздар арасындағы ертежүктілік. Ертежүктіліктің зияны туралы Боранқұл ауылдық ауруханасының акушері Куаналиева Жарқынай Сактапбергеновна мен психолог Сагиндикова Гулшат Елеусиновна мектебімізге келіп қыздармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, — деген сауал төңірегінде ой қозғап, 7-11 сынып қыздарымен пікір алмасты.

Психолог сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл — дұрыс еместігін айтып өтті.

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі — келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты .