«Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты қызықты 10 минут атты көңілді сәт өтті.
Мектебімізде 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты қызықты 10 минут атты көңілді сәт өтті.
Мақсаты: оқушыларды ізденуге, көпшілік алдында өз пікірін еркін білдіруге, сөздік қорын молайтуға шақыру. Қызықты минуттар сәтінде оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, тіл білімінің атасы атанған А.Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тату арқылы, ұлттық құндылығымызды ұмытпауға шақырған әдемі үзіліс болды